Үндістанда пілдер үшін госпиталь ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда пілдер үшін госпиталь ашылды

19.11.2018

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында алғаш рет пілдер үшін госпиталь ашылды. Олардың кейбірінің құлағы естімесе, тағы бірі циркта ауыр қимылдар жасағаны үшін аяғын ауыртып алған. Міне, осындай науқас жануарлар енді ауруханада емделетін болады. Пілдерден мұнда кәдімгідей қан алынады немесе оларға екпе жасалады. Сондай-ақ, госпитальда жоғары технологиямен шығарылған құрал-жабдықтар мен рентген аппараттары да бар. Ауруханаға 50-ге жуық пілді сыйдыруға болады.

Айта кетсек, қазір Үндістанда 25 мыңға жуық піл түрі бар. Олардың кейбіріне жойылып кету қаупі төніп тұр. Үндістанда бұл жануарлар туристік және діни икона болып есептелетіндіктен, кейде зообақ қожайындары сырқатына қарамай оларды түрлі қойылымдарда билетіп, айтқанын істетіп, әбден қорлық көрсетеді екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу