Халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлердің интернет дауыс беруі арқылы 2014 жылдың үздік ауыр атлетшісін анықтады. Дауыс беру барысында әлемнің 46 елінен 2000-ға жуық дауыс тіркелді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян және IWF бірінші вице-президенті Нику Влад қатысады.
Марапаттау рәсімі Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейінде өтеді.