АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмдерін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмдерін атады

06.12.2015
АҚШ ұлттық киносыншылар одағы жылдың үздік фильмдерін атады

АҚШ-тың ұлттық киносыншылар одағы 2015 жылдың үздік фильмдерін анықтады. «Ессіз Макс: Қаһар жолы» («Безумный Макс: Дорога ярости») картинасы «Жылдың үздік фильмі» атанды. Ал, «Үздік режиссер» аталымында «Марстық» («Марсианин») туындысын түсірген Ридли Скотт жеңіске жетті.

«Үздік актер» және «Үздік актриса» аталымдарына Мэтт Дэймон («Марстық») мен Бри Ларсон (« Бөлме») лайық деп танылды. Екінші пландағы үздік актерлер – Сильвестор Сталлоне («Крид») мен Дженнифер Джейсон Ли («Жиіркенішті сегіздік»).

Ең соны сцеранийді Квентин Тарантино («Жиіркенішті сегіздік») жазса, үздік бейімделген сценарийдің авторы – Дрю Годдард («Марстық»).

«Үздік анимациялық фильм» аталымында «Бас қатырғыш» («Головоломка») картинасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2016 жылдың 5 қаңтарында өтеді.

Хабарламаларға жазылу