«Жетісу» волейболшылары кезекті рет Қазақстан чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» волейболшылары кезекті рет Қазақстан чемпионы атанды

18.04.2015
«Жетісу» волейболшылары кезекті рет Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстанда ең титулды саналатын талдықорғандық «Жетісу» клубы кезекті рет мықтылығын дәлелдеп, чемпион атанды.

Жетісулық волейболшылар соңғы турда павлодарлық «Ертіс-Қазхром» командасын ұтты. Ал, қола жүлдені «Алматы» клубы еншіледі.

Сонымен қатар, чемпионаттың үздіктері де анықталды:

Үздік «ойын аяқтаушы» - №2 Сана Анарқұлова, «Алматы»;

Үздік «ойын аяқтаушы» - №17 Ольга Дробышевская, «Ертіс-Қазхром»;

Үздік «орталық блоктаушы» - №5 Ольга Наседкина, «Жетісу»;

Үздік «орталық блоктаушы» - №11 Антонина Рубцова, «Ертіс-Қазхром»;

Үздік «либеро» - №8 Татьяна Фендрикова, «Алматы»;

Үздік «байланыстырушы» - №5 Анна Лащ, «Астана»;

Үздік «диагональшы» - №3 Николь Пиштелакова, «Астана»;

Ең бағалы және қажетті ойыншы - №9 Диана Кавторина, «Ертіс-Қазхром».

Хабарламаларға жазылу