Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әуезов оқулары» конференциясы аясында бас қосқан ғалымдар еліміздің индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадамдарды талқылады.
Конференция секцияларының жұмыстары түрлі тақырыпта өрбіді. Әсіресе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі форматындағы жаңартылған энергетиканың келешек бағыттарын жетілдірудің, құрылыстың, химиялық технологиялардың, мұнайхимияның билогоия мен нанотехнологиялардың инновациялық бағыттарына басымдық берілген.
Конференцияға ұзын саны 770-тен астам мақала түскен. Оны талқылауға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Польша, Қытай, Малайзия, Түркия, Корея және тағы басқа елдерден келген ғалымдар қатысты.