Академик Нұрлан Батпенов атындағы ұлттық ғылыми орталыққа 20 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Нұрлан Батпенов атындағы ұлттық ғылыми орталыққа 20 жыл толды

29.09.2021

Бүгін Академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының құрылғанына 20 жыл толды. Мерейлі датаға орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онлайн режимінде өтетін шараға 19 елден сала мамандары қатысады. Академик Нұрлан Батпенов атындағы қоғамдық қордың қолдауымен жоғарыда аталған шара аясында алғаш рет жас ғалымдардың «Бәтпен оқулары» конференциясы өтеді. Конференцияның мақсаты - жас ғалымдардың бастамаларын қолдау және олардың ғылыми әлеуетін іске асыруға көмектесу.

Олжас Бекарысов, Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры:
Шараға 19 елден 100- ге жуық мамандар қатысады. Конференция үш күн онлайн форматта өтеді. Мамандар өз тәжірибесімен бөліседі.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу