Ұлттық арнада «Жүлдегер» драмасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Жүлдегер» драмасы

18.04.2015
Ұлттық арнада «Жүлдегер» драмасы

1930 жылдардағы Америка. Елде дағдарыс. Адамдар күнкөріс көзін іздеп сенделген уақыт. Ал, қолдары босай қалса,  ипподромға барып, бәйге аттарына ақша тігіп, бақтарын сынайды.

Бір күні  жергілікті ипподромда бір қоңыр ат пайда болады. Ат иесі – Чарльз Ховард, баптаушысы бұрынғы цирк өнерпазы – Том Смит.

Әзірге, ат бәйгесін қызықтаушылардың бар ынта-ықыласы  бәйгенің алдын бермей жүрген атышулы жүйрік – Фаворитте. Ал, көзге қораш қоңыр аттың «1938 жылдың үздік сәйгүлігі» атанарын әзірге ешкім білмейді. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:45-те режиссер Гэри Росстың «Жүлдегер» драмасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу