«Таңшолпанда» - дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова

14.04.2015
«Таңшолпанда» - дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова

1980 жылдары Жетісудың Сарасы, Керекудің Майрасы атанған ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетова  бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Бүгінде Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында қызмет ететін әнші: «Облыс көлемінде болып жатқан түрлі шаралар, жеке концерт өткізіп тұрамыз. Ұстазым Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай «Мәңгілік өнер шіркін, өзің де мәңгіліксің!» деген тақырыпта жеке шығармашылық кеш өткіздім. Сондай-ақ, Махамбет пен Исатайдың 200 жылдығына арналған, 8 наурыз аналар мерекесіне орай және «Менің елім!» атты концерт ұйымдастырылды», -дейді.

«1990-1991-ші жылдары «Әнші Майра, сұлу Майра, композитор Майра» деген қыз-келіншектердің тұңғыш республикалық байқауы өтті. Сол байқауда Халық әртісі Бибігүл Төлегенова бас жүлдені алған. Өзімнің де әнші болып жүрген кезім. Тырнақалды әндерімді байқап көрейін деп, осы байқауға берген едім. Алғаш сазгерлігім осылай басталған»,-дейді әнші.

Әншінің орындауындағы халық әні «Ағайшаны» «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу