Мохаммад Зариф екі ел арасындағы экономикалық және дипломатиялық байланыс, сонымен қатар, өзге де өзекті мәселелер турасында ой өрбітпек.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, елге келген М.Зарифтің сапары барысында оның Мемлекет басшысымен кездесуі және ҚР Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер жүргізуі жоспарланған.
Сонымен қатар М.Зариф Қазақ гуманитарлық заң университетінде дәріс оқиды деп күтілуде.