Иран басшылығы Н.Назарбаевтың аймақ қауіпсіздігіне қосқан үлесін жоғары бағалайды

12.11.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты нығайту төңірегінде пікір алмасты. Мохаммад Джавад Зариф Иран басшылығы мен халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Ресей Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковты қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев аталған институт пен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу