Бүгін, 13 сәуір күннің күрт жылынуына және жауын-шашынға байланысты Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі көтеріліп, өңірді су басуы мүмкін.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, күннің күрт жылынуынан Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты таулы аймақтарға шықпау туралы ескертіледі.