Баспа, онлайн және ТВ, радио саласында қызмет атқаратын әйел журналистер адам құқығы және әлеуметтік әділеттілік тақырыптарын қамтитын 1 жылдық тәжірибеден өтуге өтініш бере алады.
Халықаралық әйелдер қоры (International Women's Media Foundation/IWMF) бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін қыз-келіншектерден Элизабет Нойффер атындағы шәкіртақыға өтініш қабылдауды бастады. Стипендия 1998 жылы «Журналистикадағы табандылығы үшін» байқауының жеңімпазы, Boston Globe газетінің корреспонденті Элизабет Нойффердің құрметіне тағайындалған. Ол - 2003 жылы мамыр айында Иракта қайтыс болған.
Таңдалған журналистке осы оқу жылында арнайы дайындалған бағдарлама бойынша, Массачусетс технологиялық университетінің Халықаралық зерттеулер орталығынан және Boston Globe және New York Times газетінен тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
Үміткерлердің журналистикада үш жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Қатысушылар ағылшын тілінен жақсы игерген болуы керек. Сондай-ақ, журналист-фрилансерлер де бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.
Байқау жеңімпазына шәкіртақы төленеді. Оған жол шығыны, жатын орны және медициналық сақтандыру кіреді.
Өтініштер 1-мамырға дейін қабылданады.