«Тақиялы періштенің» жалғасы түсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақиялы періштенің» жалғасы түсірілмек

11.04.2015
«Тақиялы періштенің» жалғасы түсірілмек

Ұлы кинематограф Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі жарты ғасырдан бері көрерменнің көзайымына айналған көркем туынды. Қазір туындының екінші бөлімін түсіруге дайындық жүргізілуде.

Теңдесі жоқ комедияның сәтті шығуының сыры неде? Аңызға айналған фильмнің басты кейіпкерлері бүгінде немен айналысады?

Тайлақ – Әлімғазы Райымбеков пен сатушы-қыз Айшаның (шын есімі – Шолпан) кинодағы махаббаттары шынайы өмірде жалғасын тапты ма? Француз тілінен сабақ берген ұстаз кинодан неге аяқасты кетіп қалды?

Түсірілім алаңынан бірнеше рет кетуге оқталған Ә.Райымбековты Ш.Айманов қалай тоқтатты? Бүгінде  10 баланың әкесі, 20 шөбере сүйіп отырған ақсақалдың арманы қандай? Аңызға айналған «тақия» қайда?

Сан сауалға жауапты Бүгін сағат 21.00-дегі «Сенбілік кездесу» хабарынан таба  аласыздар. Хабарға сондай-ақ, фильмнің түсіріліміне қатысқан басқа да күтпеген қонақтар келеді.

Хабарламаларға жазылу