Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы желісімен көркем фильм түсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы желісімен көркем фильм түсірілмек

19.01.2015
Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы желісімен көркем фильм түсірілмек

Қостанай облысында Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романының желісімен көркем фильм түсірілмек. Бұл туралы Лисаков қаласында өткен баспасөз конференциясында болашақ фильмнің авторлары, Ресейлік режиссерлер Илья Желтяков пен Анастасия Полухина мәлімдеді, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

Әзірге қонақтар жергілікті актерлармен танысып, екі жақты байланыс орнатуға мүдделі.

«Бүгінде жақсы кино түсіру қыруар қаржыны қажет етеді. Сондықтан жобаны «Қазақфильм» компаниясымен ынтымақтаса отырып жүзеге асырамыз деген үміттеміз», — дейді бастамашыл топ жетекшісі Анастасия.

Туынды қазақ тілінде түсірілмек. Фильмде адамзат баласының рухани мәңгүртке айналу мәселесі көрініс таппақ. Екі аптаға созылатын түсірілім жұмыстары осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу