Астанада 10 сәуір күні әнші, композитор Кентау Назарбектің «Асылдардың ізімен...» атты шығармашылық кеші өтеді.
«Кешке деген дайындық өте жақсы. Абай, Шәкәрім, Мұқағали сынды ұлылардың сөзіне жазылған әндерім орындалады. Кешке танымал өнер майталмандары қатысады. Көбіне, қазақы әндер шырқалады. Тоғыз әннің тұсауы кесіледі»,-дейді ол.
Коспозитордың тағы бір концерті 24 сәуірде Семей қаласында «Бір бәйтерек, бір шынар» деген атпен өтпек.
Кештің ерекшелініне тоқталған Кентау Назарбек: «Кештің атауы менің әнімнің аты. Семей өңірінде кең таралған. Сол себепті кештің атауын да осылай атадық. Мұнда «Қазақ елі – ардағым», «Мен – қазақпын!» және басқа да әндер орындалады»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.