Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығына арналған.
Фестивальге қатысқан өңірдегі кәсіби театрлар келесі аталымдармен марапатталды:
«Ең үздік қойылым» номинациясымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театры сахналаған Ж.Аймауытовтың «Сылаң қыз» комедиясы (автокөлік);
«Жанр табиғатын көркемдікпен меңгергені үшін» номинациясымен облыстық орыс драма театры сахналаған Т.Ахтановтың «Ант» тарихи драмасы (750 мың теңге);
«Актерлік ансамбльдік тұтастық» номинациясымен облыстық өзбек драма театры сахналаған Б.Есеналиевтың «М.Х.Дулати» тарихи драмасы (500 мың теңге);
«Кейіпкерлер бейнесін шынайы кескіндегені үшін» номинациясымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры сахналаған Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» психологиялық драмасы (300 мың теңге);
«Көркемдік келбеті» номинациясымен облыстық қуыршақ театры сахналаған М.Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылымы (300 мың теңге);
«Қойылым табиғатындағы шынайылық» номинциясымен облыстық опера және балет театры сахналаған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы (300 мың теңге);
«Тақырыпты кең қамтығаны үшін» номинациясымен Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры сахналаған М.Байғұт пен Ш.Орынбайдың «Төле би» тарихи драмасы (200 мың теңге).
Сондай-ақ, «Көрермендер көзайымы» аталымында Түркістан қаласының сазды драма театры сахналаған Ә.Нұршайықов, А.Сапышевтың «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымы (200 мың теңге) марапатталды.
Сонымен қатар, «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына облыстық опера және балет театрының солисті М.Оразметов, «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына Түркістан қаласы сазды драма театрының әртісі Ә.Қожабекова, «Ең үздік сценограф» номинациясына Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының директоры Қ.Жұмақұлов, «Ең үздік музыкамен көркемдегені үшін» номинациясына аталған театрдағы музыка бөлімінің меңгерушісі Ж.Есімов лайық деп танылды.
Фото: kz.otyrar.kz