Тікелей эфир. «Кристал Пэлас» - «Манчестер сити» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. «Кристал Пэлас» - «Манчестер сити»

06.04.2015
Тікелей эфир. «Кристал Пэлас» - «Манчестер сити»

«Манчестер Сити» шабуылшысы Хесус Навас егер командасы чемпион болғысы келсе, қалған сегіз турда жеңіске жету керектігін айтады. Сондықтан бүгін олар жеңіске жетуге тырысу керек.

«Біз бұл матчты ұту керекпіз. Сонда ғана «Челсиден» қалмай, басқа командалардан оза аламыз. Бізді басқа да мықты клубтар өкшелеп келеді. Егер қалған ойындарда ұтылмасақ, «Челсиді» жетуге мүмкіндік бар», - дейді «Мачестер Сити» клубының бас бапкері Мануэль Пеллегрини.

Сонымен қатар, Пеллегрини клуб сапына жарақатынан айығып, енді алаңға қайта оралатын Яя Туре мен Александр Коларовқа сенім артады.  

Ал, «Кристал Пэлас» командасына шабуылшы Маруан Шамах пен Фрейзер Кэмпбелл көмектесе алмайды. Алайда, алаң иелері соңғы екі турда жеңіске жетіп, чемпионаттың 12-ші орнына тұрақтаған.

Айта кетейік, АПЛ-дың 31-ші туры аясындағы «Кристал Пэлас» пен «Манчестер сити» арасындағы матчты бүгін сағат 00:55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу