Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды

06.05.2024

Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ведомстваны Бағдат Мусин басқарған еді. Жаслан Мәдиев 40 жаста. Алматы қаласының тумасы. Ол бұған дейін Цифрлық даму вице-министрі қызметін атқарған. Әр жылдары Ұлттық банктің басшылық лауазымдарын, «Қазақстан темір жолы» компаниясысының қаржы жөніндегі басқарма төрағасы және Ұлттық экономика министірінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу