Алматы облысында С.Аронұлына арналған ескерткіш ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында С.Аронұлына арналған ескерткіш ашылады

06.04.2015
Алматы облысында С.Аронұлына арналған ескерткіш ашылады

Биыл Алматы облысында жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілмек. Ақынның мерейтойына Алматы облысы бюджетінен қомақты қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта ақынның шығармашылығын зерттеп, бұрын баспа бетін көрмеген өлеңдерін жинақтап, жарыққа шығару, ақынның өмірі мен шығармашылығына негізделген деректі фильм түсіру және басқа да ұйымдастыру жұмыстарына 7 миллион теңге бөлінсе, Қарақыстақ ауылын абаттандыру жұмыстарына тағы 3  миллион теңге жұмсалып, ақын мұражайына  күрделі жөндеу  жұмыстарын  жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ, мұражайдың күрделі жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңге қаржы қарастырылып, 16,5 миллион теңгеге Сүйінбай Аронұлының кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Мерейтойға тарту ретінде  Қарақыстақ ауылының орталығында ақынға арналған еңселі ескерткіш пен саябақ ашылмақ.

 

Хабарламаларға жазылу