Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында тағы бір жаңа туындының тұсауы кесілмек.
Жуырда Жеңістің 70 жылдығына орай режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби шығармаларының негізінде жазылған Еркін Жуасбектің «Ай мен Айша» драмасын көрермен назарына ұсынады.
Бүгінде қойылымның шығармашылық тобы қызу дайындық үстінде.
Фото: auezov-teatr.kz