Алматыда 12-17 мамыр аралығында Қаллеки театрының гастрольдік сапары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 12-17 мамыр аралығында Қаллеки театрының гастрольдік сапары өтеді

28.04.2015
Алматыда 12-17 мамыр аралығында Қаллеки театрының гастрольдік сапары өтеді

2015 жылдың 12-17 мамыр аралығында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Алматы қаласында гастрольдік сапары өтеді.

Қаллеки театрының ұжымы бір апта көлемінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакль тарту етпек. Олар: Ш.Айтматовтың «Ана-Жер Ана» трагедиясы, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы, Д.Рамазанның «Кенесары - Күнімжан» тарихи драмасы, Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы, Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы, В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы.

Спектакльдер - М.Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында өтеді.

 

Қойылымдар кестесі:

12 мамыр - Ш.Айтматовтың «Ана-Жер Ана» трагедиясы;

13 мамыр - С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы;

14 мамыр - Д.Рамазанның «Кенесары - Күнімжан» тарихи драмасы;

15 мамыр - Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы;

16 мамыр - сағат 12.00 Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы;

16 мамыр - А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы;

17 мамыр - В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы.

 

Қойылымдардың басталу уақыты – 18:30.

Хабарламаларға жазылу