Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары мен дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінің жандануы Болат Сарыбаев есімімен тығыз байланысты. Ол өткен ғасырда қазақ өнерінің қайта даму кезеңіне сүбелі үлес қосты.
Танымал өнер қайраткерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталып, ұмыт бола бастаған төл өнеріміз қайта жанданды.
II Дүниежүзілік соғыс жылдарында Шамғали шаңырағында ақтаңгер күйші Дина Нұрпейісова тұрған. Болаттың өнерге деген ықыласын байқаған ол: «Болатжан, балам, домбыра тартуды әуелі өзің үйрен, кейін өзгелерге үйрет. Мына домбырамды өзіңе бердім. Сен енді оны өзіңнен кейін ұрпаққа табыста» деп тілегін айтып, домбырасын сыйға тартыпты.
Аты аңызға айналған күйшінің тартуы Болат Сарыбаевтың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының негізін салушылардың бірі Болат Сарыбаевты бүгін 13.45-те «Жарқын бейне» еске алады.