«Жарқын бейнеде» - Сәбира Майқанова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейнеде» - Сәбира Майқанова

20.09.2014
«Жарқын бейнеде» - Сәбира Майқанова

Қазақ сахнасының айтулы тұлғасы, КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанованың биыл 100 жылдығы.

Аналар бейнесін жасаудың өлшеміне айналған Сәбира Майқанова сомдаған бірегей бейнелер сан алуан. Қазақ анасының жарқын да шынайы бейнесін әр қырынан көрсеткен сахна саңлағы актерлік талантымен қатар, адамгершілігімен көпшілік алдында зор беделге ие болды.

ҚР Халық әртісі, режиссер Есмұқан Обаев: «Сәбира Майқанова – кең пландағы актрисалардың бірі һәм бірегейі. Комедия, трагедия, драма, ән, жыр – бәріне жүйрік. Мінезінде жатырқау мен тосырқау жоқ», деп еске алады.

Бүгін 16.25-те «Жарқын бейне» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу