Байқауда көтерілуі мүмкін тақырыптар: тамақтану индустриясының қоршаған ортаға әсері; жергілікті және шағын ауыл шаруашылығының жағдайы; азық-түлік қауіпсіздігі мен қымбатшылық; отбасыдағы, әлеуметтік және діни өмірдегі, халықтың мәдениеті мен ерекшелінің қалыптасудағы тамақтың орны.
Әрбір фотоға байқаудың ресми тілінінің (ағылшын, француз, неміс, португал және испан) бірінде түсіндірме жазуылуы тиіс.
Финалға шыққан алты қатысушы (әр континенттен біреу) 3-4 маусымда Брюссельде өтетін «European Development Days-2015» шарасына шақырылады. Ұйымдастырушылар оларға жол мен қонақ үй шығынын өтейді.
Сонымен қатар, алты финалист арасынан бір жеңімпаз анықталып, оның 2015 жылдың қазанында Миланда өтетін «World Expo» шарасына сапары төленеді. Өтініштер 10 сәуірге дейін қабылданады.