Қазақстанда «Елбасы Медалі» ұлттық жобасы басталды

03.06.2020

Бұл жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастардың дамуына серпін беру. Аталмыш бастама спорт, кітап оқу, дарын мен дағды, ұлттық мұра, туристік саяхаттар сынды 7 бағыт бойынша іске асырылады. Жоба челлендж бағытында ұйымдастырылады. Қатысу тегін. Қазірдің өзінде тіркеуден өткендердің саны 6 мың адамнан асып кеткен. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Тек жоғарыда айтылған бағыттар бойынша өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек. Ал бағдарламадан сәтті өткен жастар «Елбасы Медалі»-мен марапатталады.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу