Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді

04.04.2015
Астанада жас пианист Санжарәлі Көпбаевтың концерті өтеді

25 сәуір күні Астанада былтырғы «Astana Piano Passion» байқауының лауреаттары  Санжарәлі Көпбаев пен Александру-Кадмиель Боцактің концерті өтеді.

Концерт  «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында  ұйымдастырылады.  Биылғы «Astana Piano Passion» жас пианисттер байқауының аясында өтетін шара сағат 19:30-да басталады.

Айта кетейік, Санжарәлі Көпбаев былтыр «Astana Piano Passion» байқауында кіші топ арасында жеңімпаз атанса, ал румыниялық  Александру-Кадмиель Боцак  үлкен топ қатысушылары арасында топ жарған. 

Хабарламаларға жазылу