Павлодар қаласындағы обсерваторияны жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңге жұмсалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы обсерваторияны жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңге жұмсалды

04.04.2015
Павлодар қаласындағы обсерваторияны жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңге жұмсалды

Павлодар қаласы Оқушылар сарайындағы жас астрономдарға арналған обсерватория биыл пайдалануға беріледі. Ғимараттың жөндеу жұмыстары 31 мамырда аяқталмақ, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Планетарийді жаңғырту және жабдықтау мақсатында 90 миллион теңге жұмсалған.

«Обсерватория оқушыларға астрономия мен астрофизика ілімдерін үйренумен қатар, ғылыми жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Жуырда ғана Оқушылар сарайында 40-тан астам жас ғалым өз жұмыстарын таныстырған тұңғыш облыстық астрономдар слеті өткен. Қазақстанның жаңа білім беру жүйесі еліміздің инновациялық дамуын жүзеге асыратын жаңа мамандарды дайындауға бағытталған», - дейді облыстық білім беру басшысының орынбасары Саян Мұқанов.

Айта кетейік, Оқушылар сарайында қуаттылығы әртүрлі үш телескоп орнату жоспарлануда. Планетарий күмбезінің астында жас астрономдар «3-D» режимінде «Астрономия», «Физика», «Биология» және «Геология» бөлімдерінен ғарыш, галактика туралы танымдық фильмдер көре алады.

Хабарламаларға жазылу