Күліп жүрейік! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күліп жүрейік!

01.04.2015
Күліп жүрейік!

Күлкі күнінің шығу тарихын ешкім тап басып, тамырын ұстап айтып бере алмайды. Ол керек те емес шығар. Қытымыр қыстан шығып, өн бойыңа өмір нұрын құятын көктемге жеткенде адам баласы арқасын кеңге салып, арқа-жарқа жүргісі де келеді.

Бұл күннің басты мақсаты – бір-бірімізді күлкіге қалдырып, әжуалау емес, әдемі әзілмен, жарасымды қалжыңмен көңіл сергіту.

Соңғы кездері қазақтың әзіл-сықақ театрларында қазақы қалжың азайып бара жатыр деген ой жиі айтылып жүр.  Қазіргі қазақ күлкісінің қалы қалай? Қазақы қалжыңның бүгінгі сипаты?

«Айтуға оңай...»  ток-шоуы бүгін 21.05-те осы мәселені қозғамақ.

Хабарламаларға жазылу