1 сәуір – Күлкі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сәуір – Күлкі күні

01.04.2015
1 сәуір – Күлкі күні

1 сәуір – Күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Бір қызығы, бұл күн Франция, Англия, Америкада – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады.

Шотландтар бұл күні таныстарының арқасына «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ, атаулары әртүрлі болғанымен, күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді.

1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастархан жайылмайды. Тек адамдар бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады.

Қазіргі қалжыңның қалы қалай? Қыз-келіншектер туралы ең көп таралған әзіл-аңыздар қандай? Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» сатира сахнасында қыз-келіншектердің образын сомдап жүрген актерлер мен елге танымал арулар күнделікті өмірдегі ең күлкілі қызықтарымен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу