Қазақ «қыздың көркі – шаш», деп бекер айтпаған. Себебі, қыз баланың көзге түсер сәні – жылтыраған шашы. Шашты жуу, өсіру, күтім жасау – қыздар үшін маңызды. Әсіресе, ұзын шаш көп күтімді қажет етеді.
Шашының ұзын болғанын қаламайтын қыз жоқ, бірақ, оны күтіп-баптауға кейбірінің шыдамы жетпейді.
Еліміздегі ең ұзын шашты ару кім? Шашы түсіп қалған жандарға шашты қалай құтқаруға болады? Шаш күтіміндегі тиімді кеңестер мен үйде сән үлгісін дайындау тәсілдері туралы бүгін 15.05-те «Әйел бақытынан» біле аласыздар.