«Таңшолпанда» Сембек Жұмағалиевтің «Ұйқыдағы ару» әнінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» Сембек Жұмағалиевтің «Ұйқыдағы ару» әнінің тұсауы кесілді

19.05.2016
«Таңшолпанда» Сембек Жұмағалиевтің «Ұйқыдағы ару» әнінің тұсауы кесілді

«Қазір ұстаздық қызметпен қатар, шығармашылықпен де айналысып жатырмыз. Сәуір айында  композитор Жалғас Кеңесовтің шығармашылығымен Нұрғали Нүсіпжанов, Нұрлан Өнербаев, Досымжан Таңатаров сынды бір топ әртістер Орал, Ақтөбе қалаларында болдық. Енді гастрольдік сапар 25 мамырда Павлодарда жалғасын таппақ»,-дейді әнші.

«Бала кезімде әнді су құятын цистернаның ішінде айтатынмын. Ол кезде акустика дегеннің не екенін білмеймін ғой. Цистернаның ішінде ән салсам, дауысым жаңғырып, керемет әсер алатынмын. Менің шығармашылығым осылай басталған».

«Алғаш «Гүлдерге» келгенде орындаған әнім – «Дудар-ай» болды. Өзімнің шашым да бұйра болатын, содан лақап атым Дудар болып кетті. Бұл ән менің «төлқұжатыма» айналды».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу