Геннадий Головкин жанкүйерлеріне рахмет айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне рахмет айтты

18.10.2015
Геннадий Головкин жанкүйерлеріне рахмет айтты

33 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Twitter арқылы Давид Лемьемен болған жекпе-жекте көрсетілген қолдау үшін барлық жанкүйерлеріне рахмет айтты.

«Маған бүгін жеңіске жетуге көмектескен жанкүйерлеріме, командама, еліме, әрбіреуіңізге РАХМЕТ», - деп жазды Головкин өз аккаунтында.

Еске сала кетейік, бүгін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді.

Бұл кездесудің қайталауын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін 13:10 және 19:00-де көрсетеді.

Сонымен қатар, көрермендер жекпе-жектің қайталауын «KAZsport» телеарнасынан 13:10 мен 20:10 қайта тамашалай алады.

Айта кетейік, Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу