Сұлтан Срайыл: Театрдың негізгі иесі – көрермен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтан Срайыл: Театрдың негізгі иесі – көрермен

27.03.2015
Сұлтан Срайыл: Театрдың негізгі иесі – көрермен

Театр күніне орай «Таңшолпанға» арнайы шақырылған Ғ.Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сұлтан Срайыл жаңалықтарымен бөлісті.

«Біз театрда қызмет еткенімізбен, театрдың негізгі иесі – көрермен. Сондықтан, бізден гөрі сол көрермендердің мерекесі деп санаған дұрыс шығар»,-дейді Сұлтан Срайыл.

«Бүгінгі мерекеге орай театрда ұйымдастырылатын шаралар театр қызметкерлері атынан көңіл бөлу, ниет білдіру нышанында өтеді. Бұл – бір жыл бойы театр қойылымдарын қызықтаған көрермендер ішінен  нағыз жанашыр көрерменге, театрдың  күнделікті жаңалықтарына атсалысқан БАҚ-на алғысымызды білдіру ниетімен қолға алынып жатқан іс-шара».

«Біздің театрдың 70 жыл бойы көрерменге қызмет етіп келе жатқаны белгілі. 2015 жылдың қараша айында 70-ші театр маусымының ашылуы болады.  Бүгінгі шараны  сол маусымның алдындағы дайындық деп қарау керек. Себебі, 70 жыл бұл – бір адамның ғұмыры».

«Театрдың жеткен жетістігі, шыққан биігі көп. Қалыптасқан жолы бар. Қаншама дүлдүлдерді, дәстүрді қалыптастырған сахна. Сол себепті, бұл бір күнде аталып өтетін шара емес. Қараша айына дейін дүркін-дүркін шаралар жалғаса бермек».

«Театр – келіп, көріп қана кететін мұражай емес. Ол – көрерменмен сырласу, бөлісу. Театр көрерменге ой салса, сол үлкен жеңіс. Көрерменмен санассақ, театрға келушілердің де саны артады».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу