Талдықорғанда «Ашық» жобасының арқасында көрермен театрмен қауышты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Ашық» жобасының арқасында көрермен театрмен қауышты

04.06.2021

Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес санитарлық талаптарды сақтаған кәсіпкерлік нысандарға «Ашық» көшбасшысы мәртебесі беріледі. Ол үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында әр нысан 2 аптада 2 мыңнан астам тұтынушыны «Ашық» жобасымен тіркеуі тиіс. Ал, облыстарда екі аптада мыңнан аса адам тіркелуі шарт. Дәл осы«Ашық»жобасымен Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театры көрерменге алғашқы премьерасын ұсынды. Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» трагедиясын жас режиссер Фархат Молдағали сәтті қойып шықты.

Қайрат Әбілқасымов,   көрермен:
Вакцина салғызған кісілердің бәрі «Ашық» деген бағдарламамен кіріп, өздері емін-еркін жүріп жатқанына өте бір ыңғайлы болып жатыр. Сондықтан да болашақта бұдан да үлкен мекемелеріміз ашылып, осылай халық жақсы жиналып, өнерді бағалайтын халық шөлдетпесек деп ойлаймын.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу