«Аламан» тобы халқымыздың саятшылық өнерін биік ұстайды. «Қолымыз бос кезде бүркітпен анда-санда, ал тазымен жиі аңға шығамыз. Табиғатпен тыныстап келгеннен кейін шабыт оянып, жақсы дүниелер туады»,-дейді топ мүшесі Аллажар Қайбар.
Медет Салықов: «Біз тәлім-тәрбие алған өнер халық әндері болса, ол әндер осы табиғаттың сұлулығымен, әсерімен дүниеге келеді. Бір-екі патриоттық ән жазып қойдық. Алдағы уақытта халыққа ұсынамыз».
Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін табиғат аясында шарықтатқан топ мүшелері келешекте шығармашылық кеш өткізу жоспарда бар екенін айтады.