Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді

06.06.2023

Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді. Ел чемпионаты аясында бірнеше лига жасақталады. «Аламан дода» немесе жоғары лигада  өткен жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1-6 орындарды иеленген ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. «Дүбірлі дода» немесе бірінші лигада былтырғы чемпионаттың 7-20 орындарды иеленген 14 команда ойнайды. Жарыс 4 турдан тұрады. Қатысушы барлық командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізіп, ұпай жинайды.

Жоғары және бірінші лиганың жеңімпаздары Республика күні қарсаңында өтетін «Ұлы дода» жарысында өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ «Керме дода» атауымен екінші лига ойынға шығады. Бұл жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық немесе жекеменшік кез-келген команда қатыса алады. Лига жеңімпазы келесі маусымда бірінші лигада ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал бірінші лиганың үздік командасы «Аламан додаға» яғни, жоғары лигаға өтеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу