Қазгидромет: Республиканың кей жерінде жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Республиканың кей жерінде жауын-шашын болады

23.03.2015
Қазгидромет: Республиканың кей жерінде жауын-шашын болады

23 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде фронтальді ауа ағымдарының өтуіне байланысты ауа райының құбылмалылығы байқалады. Кей жерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпінінің артуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күн күркірейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Алматы облысының кей жерінде күн күркіреп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с дейін жетеді. 

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей бөліктерінде тұман түсіп, күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді.

Хабарламаларға жазылу