Дүйсенбі күні еліміздің кей аймақтарында қатты ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүйсенбі күні еліміздің кей аймақтарында қатты ыстық болады

04.08.2014
Дүйсенбі күні еліміздің кей аймақтарында қатты ыстық болады

4 тамызда республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік пен солтүстік-батыстың кей аймақтарында жауын-шашын болып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Қостанай облысының бірқатар жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 15-20 м/с жел тұрып, найзағай ойнайды. Ақмола, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстанда, күндіз Шығыс Қазақстанда жауын-шашын болады деп күтілуде. 

Павлодар облысының кей аймақтарында түнде тұман түсуі ықтимал. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Хабарламаларға жазылу