«Сенбілік кездесуде» - Жақсылық Үшкемпіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Жақсылық Үшкемпіров

21.03.2015
«Сенбілік кездесуде» - Жақсылық Үшкемпіров

Қазақ спорты тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров. Оның жеңістерінің ешбірі де оңайлықпен келген жоқ. Мұндағы төгілген тер, еңбек мол.

Жақсылық Үшкемпіров – он бес жыл бойы аса жеңіл салмақта (48 келі) алаштың қуанышына айналды. Ел намысын қолдан бермей, қазақтың қайсар мінезін танытты.

Чемпионға Дінмұхамед Қонаев бір сөзінде:  «Мен тарихта қалармын, мүмкін қалмаспын, бірақ мына бір жапырақ болса да, ел мен жердің атын шығарған Жақсылық сияқты жігіттер қазақтың тарихында алтын әріппен жазылатыны даусыз. Бұл «менің бір жапырағымды» ұмытпаңдар, қолдаңдар, мақтан етіңдер»,-деп баға берген екен.

Жақсылық Үшкемпіровтің көпшілік біле бермейтін қандай қыры бар? Жақындары мен жора-жолдастары ол туралы не дейді? Әйгілі спортшы алғаш чемпион болған кездегі толқынысын  бүгін 21.00-де «Сенбілік кездесуде» қайта еске алады.

Хабарламаларға жазылу