Астана-Павлодар арасында әуе рейсі қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Павлодар арасында әуе рейсі қайта жанданды

02.11.2022

Енді Астана-Павлодар арасына ұшақпен қатынауға болады. Бүгін алғашқы әуе рейсі Елордадан Ертіс-баян өңіріне ұшты. Авиа маршруттың жиілігі аптасына 4 рет. Билет құнының 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Жолаушы өз қалтасынан 10 000 теңге шығындайды.

Тұрсын Қосыбаева, жолаушы:

Астанада қызым тұрады. Соған қонаққа барғанмын. Өте жайлы. Жақсы отырдық. Тамаша жетіп қалдық. Осындай рейстің ашылғанына өте қуаныштымыз.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу