Бүгін – тарихшы Дина Аманжолованың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – тарихшы Дина Аманжолованың туған күні

19.03.2015
Бүгін – тарихшы Дина Аманжолованың туған күні

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова – Алаш тақырыбын он жылдан астам уақыт зерттеп келе жатқан ғалым. Ол 150-ге жуық ғылыми және әдістемелік еңбектің, 15 монография мен 8 оқу құралының авторы. Оның еңбектері Қазақстан, Ресей, Англия, Германия, Франция, Жапония және т.б. елдерде жарияланған.

Дина Ахметжанқызы Аманжолова – 1957 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауылында дүниеге келген.  Семей Мемлекеттік педагогикалық институтынның тарихи-педагогикалық факультетін 1980 жылы тәмамдаған.

1986 жылы «Қазақстан Компартиясының жалпыға білім беру мектептерін дамытуда қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру (1971-1980 жж.)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын, ал 1994 жылы «Ресей және Қазақ автономиясы. Алаш қозғалысының тарихы (1905-1920 жж.)» атты докторлық диссертациясын қорғаған.

Бүгінде Мәскеуде тұратын ғалым Ресейдің Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтында қызмет етеді.

Профессор Ресейдің «Тарихи мұрағат» - «Ресей-Қазақстан. XVIII-XX ғғ.» атты журналына «Алаш» қозғалысына арналған алғаш мұрағаттық құжаттарды жариялаған Қазақстан, Ресей тарихшыларының бірі.

2009 жылы Мәскеуде орыс тіліндегі «Қияда. Қазақстанның этносаяси тарихындағы Алаш» атты кітабы шыққан.

Хабарламаларға жазылу