Бүгін – Нұрлан Өнербаевтың туған күні  - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Нұрлан Өнербаевтың туған күні 

04.11.2016
Бүгін – Нұрлан Өнербаевтың туған күні 

4 қараша, жұма, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

64 жыл бұрын (1952) «Қазақстан мұғалімі» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Айына екі рет шығады.

39 жыл бұрын (1977) Қазақ кардиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды.  2001 жылы институт кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ болып өзгертілді.

17 жыл бұрын (1999) Алматыдағы София Ковалевская атындағы көше композитор Нұрғиса Тілендиев атындағы көше болып өзгерді.

16 жыл бұрын (2000) Қарағанды қаласында ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды.

16 жыл бұрын (2000) Алматы мен Астанада «Столичная жизнь» газеті шыға бастады.

11 жыл бұрын (2005) Астанада «Қазғарыш» мектеп-лицейінің ресми түрде ашылу рәсімі өтті, онда ғарыш ғылымдары тереңдетіліп оқылатын болды. Ашылу рәсіміне тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, «Қазғарыш»ҰК» акционерлік қоғамының және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің өкілдері қатысты.

11 жыл бұрын (2005) қазақтың белгілі ақыны Асқар Тоқмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Дейді екендер дейді екен» атты оның шығармалар жинағы жарық көрді.

10 жыл бұрын (2006) Оралда қазақтың көрнекті әншісі әрі композиторы Мұхит Мерәліұлының (1841-1918) туғанына 165 жыл толу құрметіне халықаралық айтыс өтті.

ЕСІМДЕР

92 жыл бұрын (1924-1991) ақын, әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты Бүркіт ЫСҚАҚОВ  дүниеге келді.

ро

101 жыл бұрын (1915-2013) журналист, әдеби мұраларды жинаушы  Гүлнар Міржақыпқызы ДУЛАТОВА  дүниеге келді.

орь

118 жыл бұрын (1898-1980) композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Дмитриевич МАЦУЦИН  дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-2014) түркітанушы, тарих ғылымының докторы, профессор  Сергей Григорьевич КЛЯШТОРНЫЙ  дүниеге келді.

87 жыл бұрын (1929-1992) әнші, Қазақстанның Халық әртісі  Суат Әуезбекұлы ӘБУСЕЙІТОВ  дүниеге келді.

лю

55 жыл бұрын (1961) ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрлан Әлтайұлы ӨНЕРБАЕВ  дүниеге келді.

рь

232 жыл бұрын (1784-1834) ресей сәулетшісі, 1812 жылғы өрттен кейін Мәскеуді қалпына келтірген Осип Иванович (шын аты-жөні - Джузеппе Бова) БОВЕ дүниеге келді.

д\

204 жыл бұрын (1812-1857) грузин княгинясы, орыс драматургі және дипломаты Александр Грибоедовтің әйелі Нино (Нина Александровна) ЧАВЧАВАДЗЕ дүниеге келді.

дб№

Хабарламаларға жазылу