ҚР ОСК: Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдап 560 мыңнан астам қол жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ОСК: Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдап 560 мыңнан астам қол жиналды

15.03.2015
ҚР ОСК: Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдап 560 мыңнан астам қол жиналды

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап 560 мыңнан астам қол жиналды. Бұл туралы Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталған комиссия хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын қолдап елдің 16 өңірінің барлығына өкілдік ететін сайлаушылардың 560523-інің расталған қолы жиналды», - деді Б.Мелдешев.

Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу және кандидаттың куәлігін беру туралы Қаулы қабылдаған болатын. 

Хабарламаларға жазылу