Қазақ қоғамы «елім маған не береді?» деп емес, «мен еліме не беремін?» деген ұстаныммен ғана алға басады.
Сонау 1990 жылдардың басынан бергі 25 жылға жуық уақыт ішінде миллионға жуық қандасымыз атажұртқа оралып, жаңа заманның қызығы мен қиындығын бірге бөлісіп келе жатыр. Олар елге келіп, босағада қалған жоқ.
Бірі – өнерде, бірі – әдебиетте, енді бірі әлеуметтік салада зор табыстарға жете бастады. Бүгінгі «Айтуға оңай...» елге келіп, елеулі болған қандастарға арналмақ. 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.