Алматыда жаңа қазақстандық фильмнің премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа қазақстандық фильмнің премьерасы өтеді

09.03.2015
Алматыда жаңа қазақстандық фильмнің премьерасы өтеді

Алматыдағы   «Арман» кинотеатрында 9 наурызда  «Оралу» (Дорога домой) фильмінің премьерасы өтеді. Фильм режиссері - Рашид Сүлейменов, деп хабарлады қала әкімдігінің мәдениет басқармасы.  

Фильм желісі бойынша, Қазақстанға келген басты кейіпкерді күтпеген жаңалықтар мен тағдырлы кездесулер күтіп тұр. Бұл оқиғалар оның қоршаған ортаға  және өзіне деген көзқарасын өзгертуге әсер етеді.

Басты рөлдерде жас та болса танымал киноактерлер Санжар Мәдиев пен Аружан Жазылбекова ойнайды.

 

Хабарламаларға жазылу