Жанат Жақиянов WBC рейтингісінде көш бастап тұр

07.03.2015
Жанат Жақиянов WBC рейтингісінде көш бастап тұр

WBC барлық салмақ дәрежелерінде әлем боксшыларының рейтингісін жаңғыртты, деп хабарлады Sports.kz.

Жаңартылған тізімге сәйкес, Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) бірінші орынды сақтап қалды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 кг дейін) 17-ші орынға, осы салмақ дәрежесінде 34-орынға Иса Ақбербаев жайғасты.

Қазақстанның тағы бір өкілі Қанат Ислам - бірінші орта салмақ дәрежесіндегі (69,8 келіге дейін) ТОП-40 ішінде 35-орынға тұрақтады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу