«Түнгі студияда» - Сара Тоқтамысова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Сара Тоқтамысова

06.03.2015
«Түнгі студияда» - Сара Тоқтамысова

Қазақтың төл өнері айтыс – делебесі қозған ақындардың шабытын шақырып, сөз атасын, қоғамның ащы шындығын, халықтың мұқ-мұқтажын айтатын, сонымен қатар қыз бен жігіттің, аға мен қарындастың арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділікті жеткізетін киелі өнер.

Сара Тоқтамысова – айтыс өнерінің дарынды, талантты иесі. Қарсылас жұбына сабырлы жүзбен  қарап қойып, өлең сөздің ұйқасын келтіре жырлай жөнелгенде  көрерменнің шапалағына ие болып, тәуір бағаны алатын ақын.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді батыра айтатын ақын әзілкештермен қалай айтысар екен? Бүгін 23.30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу