Астанада «Қызыл гүлім-ай» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қызыл гүлім-ай» атты концерт өтеді

02.03.2015
Астанада «Қызыл гүлім-ай» атты концерт өтеді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы мемлекеттік филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижеры, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, профессор Айтқали Жайымов және қазақ халық аспаптар оркестрінің директоры Жанар Қасымова бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

4 наурыз күні «Қызыл гүлім-ай» атты концерт өтеді. Кештің өту барысына тоқталған Жанар Қасымова: «Бұл – біздің оркестрдің жобасы. Концертті аяулы аналарымызға, қыздарымызға сый ретінде ұйымдастырып отырмыз. Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ эстрада жұлдыздары ән шырқайды. Олардың қатарында Айгүл Иманбаев, Тамара Асар, Ерлан Көкеев, Қайрат Нұртас, Дос, Медет Шайкелов,  Нұрғали Тұрлыбеков сынды әншілер бар»,-дейді.

«Оркестрдің құрамында Анар Мұздаханова, Жанар Жүсіпова, Жанар Қасымова, Асқар Қалкенов, Батыр Темірәлиев, Базаралы Нүсіпжанов сияқты 80 өнерпаз қызмет етеді».

«Біздің негізгі мақсат – жұлдыздарға халық әндерін айтқызу. Сондай-ақ, әншілердің репертуарындағы әндерді оркестрге салу. Бұл – оркестр үшін жаңалық болмақ. Қазіргі таңда шыны керек, халық әндерінің тыңдарманы аз.  Кеште халық әндерін орындау арқылы аудиторияны кеңейту – тағы бір мақсат болып отыр».

Сұхбаттың толық нұсқасын таңғы бағдарламадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу