Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады!

05.06.2017
Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады!

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. 

Бұл шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен өтеді.  Фестивальдің арнайы қонағы - әлемдік кинематографияның жұлдызы, Қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан  болмақ. 

Осы шарада  Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етеді. Мұнда ол басты кейіпкер -  Джеки атты қытай археологын  сомдап шықты. 

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу