Катарда футболдан Әлем чемпионатының уақыты ауысқаны үшін еуропалық клубтарға ешқандай өтемақы төленбейді. Бұл туралы Дохада ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке ресми түрде мәлімдеді.
Мундиаль еуропалық клуб маусымы қызған кезде басталады. Ал, бұл – командалардың қосымша қаржылық шығындарды өтеуі керек екенін білдіреді.
«Біз барлық міндеттерімізді 2020 жылға дейін созылған сақтандыру бағдарламасы бойынша атқардық. Сонымен қатар, бізде командалармен Әлем чемпионатынан бонус беріледі деген келісім бар»,-дейді Вальке.
Чемпионаттың ауысуы туралы нақты шешімді ФИФА-ның атқарушы комитеті айтады. Чемпионат 23 желтоқсанда өтуі мүмкін.